427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысы індеттің келесі толқынына дайындалды

  • 114
  • UPD: 15:47, 13.10.2020

Қызылордада 200 орындық инфекциялық аурухана салынып жатыр. Емдеу мекемесі 1 желтоқсанға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Коронавирустың екінші толқынына дайындыққа кіріскен өңірде 350 миллион теңгенің дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Індетке қарсы күреске тартылатын 3 жарым мыңдай медициналық маманға 2 айға жететін қорғаныш құралдары жеткізілді. Жалпы қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Соңғы тәуліктерде жаңа деректер тіркелген жоқ.   

Сәбит Пазылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Өкпені желдететін аппарат саны коронавирус инфекциясы басталған кезде аймақта 76 болса, бүгінгі күні 191-ге жеткізілді. Сонымен қатар оттегі концентраторларының 600-ден астам медициналық мекемелерге демеушілік есебінен және өзіміздің есебімізден сатып алып, кеңейту жасалынды. Сонымен қатар бүгінгі күні 3 мыңдай төсек-орыны 21 ауруханада дайын. Қазіргі жағдайда тек қана облыстық инфекциялық аурухананың төсектері пайдаланылуда.

Хабар 24 телеарнасы