422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Локдаун кезінде суицид саны артқаны туралы ақпарат – жалған

  • 74
  • UPD: 15:17, 16.11.2020
Локдаун кезінде суицид саны артқаны туралы ақпарат – жалған

Интернетте небраскалық (АҚШ) дәрігер Бен Таппер локдаун енгізгені үшін билікті сынға алып, биыл коронавирустан гөрі өз-өзіне қол жұмсаудан көп адам қайтыс болғандығы туралы айтады.

Бұл статистика шындыққа жанаспайды, деп хабарлады stopfake.kz.

«Қазіргі кезде мұндай қорытынды жасау мүмкін емес, 2020 жылғы өлім статистикасы әлі есептелген жоқ. Бірақ ДДСҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын 800 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсайды», - делінген stopfake.kz мәлімдемесінде.

Айта кетейік, БАҚ-тың хабарлауынша, Виктория штатында (Австралия) суицид деңгейі өспеген, ал Германияда төмендеген.

Бүгінгі таңда коронавирустан 1 293 197 адам қайтыс болды. Бұл көрсеткіш америкалық дәрігердің статистикасы дұрыс емес екенін көрсетеді.

«Сондай-ақ видеода дәрігер Таппер маска тағуды сынға алып, вакциналардың зияны туралы айтады. Бұған дейін біз медициналық маскалар саңырауқұлақтар мен көмірқышқыл газымен улануды болдырмайтыны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ вакциналар аутизм тудырады деген мифті де жоққа шығардық.

Дәрігер Таппер медицина саласында мәлімдеме жасайтындай аса білікті маман емес. Бен Таппер – хиропрактика саласындағы маман (мануальді терапия мен «туа біткен интеллект» теориясына негізделген балама медицина түрі). Дәрігер Таппер Палмер хиропрактика колледжін бітірген.

Сәйкесінше, ол DC – chiropractic докторы (хиропрактика докторы) дәрежесіне ие. Мұндай мамандар инвазивті емес процедураларды ғана жүргізуге құқылы және дәрі-дәрмектер тағайындамайды. Сонымен қатар толыққанды дәрігер болу үшін АҚШ заңы бойынша MD – medical doctor (MD) дәрежесі болуы керек», - делінген stopfake.kz мәлімдемесінде.

Хабар 24 телеарнасы