427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алаяқтар қымбат сыйлықтар ұсыну арқылы қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлайды

  • 225
  • UPD: 14:20, 28.12.2020
Алаяқтар қымбат сыйлықтар ұсыну арқылы қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлайды

Қазақстандықтар Huawei компаниясынан ұялы телефон және басқа да гаджеттер ұтып алуға болатын тағы бір сілтемемен бөлісуде.

Шын мәнінде өндіруші қазір мұндай лотереялар ұтысын өткізіп жатқан жоқ, ал ұтысқа қатысуға шақыратын сайт фишингтік болып табылады, деп хабарлады stopfake.kz.

«Huawei компаниясының ресми интернет порталында жаңа жылдық ұтыс туралы жазылмаған. Сонымен қатар қымбат сыйлықтар ойнатылатын платформа ресми емес және өндіруші компанияға ешқандай қатысы жоқ», - делінген хабарламада.

Алаяқтардың құрбаны болған желі қолданушылары тартымды сілтеме бойынша өту қауіпті екенін ескертеді.

«Егер сәлтеме пошта немесе WhatsApp арқылы келсе, оны ешкіммен бөліспеңіз. Әрине адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты – сіздің деректеріңізді ұрлау», – деп жазады олар.

Фишингтік сайттарды жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қолжеткізу үшін жасайды. Фишингтің көмегімен алаяқтар адамдардың компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толығымен басқара алады.

Хабар 24 телеарнасы