369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында елдің үрейін ұшырған қарақшылар ұсталды

  • 163
  • UPD: 11:11, 14.09.2018

Жамбыл облысында елді үрейде ұстаған қарақшылар қолға түсті. Бірнеше үйді тонап, зейнеткерді өлтіріп кеткен үш күдікті кінәсін мойындады.

Ұрылардың екеуі Қордай, үшеуі Алматы қаласының тұрғыны. Екеуі бұрын сотты болған көрінеді. Айта кету керек, бір жарым ай бұрын қордайлық бірнеше тұрғынның үйіне қарақшылық шабуыл жасалып, ерлі-зайыпты зейнеткерлер өлімші етіп сабалған еді. Алған жарақатынан 68 жастағы азамат екі аптадан кейін ауруханада көз жұмған. Ал күдіктілер тонаған заттарын моладағы қабірдің ішіне жасырып, сырт көзден тасалап келген. Олардың үстінен қарақшылық және адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды.

Арман Оразалиев, облыстық ІІД басшысы:

- Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар барлық күдіктілер ұсталды. Тергеу барысында жәбірленушілерге тиесілі жеке заттар мен дәлелдеме ретінде алынды. Күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындап, Қордай аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде бензин таситын көліктің жану себебін арнайы комиссия анықтауда «Қорғас» кеден бекетінде 82 ішік тәркіленді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы