386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мейрамхана өртенді

  • 316
  • UPD: 14:37, 22.07.2019
Оралда мейрамхана өртенді news.yandex.ru

Орал қаласында «Дорожный» мейрамханасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқыс оқиға бүгін сағат 09.35-те Ә.Молдағұлова көшесіндегі 2-ғимаратта орын алды.

Бір қабатты ғимараттың (жалпы ауданы – 360 шаршы метр) жапсарлас бөлігінде, яғни моншасында ағаш жақтаулар жанған. Жалын 30 шаршы метрді шарпыды.

Өрт сағат сағат 10.09-да оқшауланып, 10.42-де сөндірілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 13 адам, 5 техника жұмылдырылды.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы