389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты

  • 255
  • UPD: 16:24, 26.08.2019
Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайы туралы айтты inform.kz

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы көлік қаққан адамдардың денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« Алматы №7 қалалық клиникалық ауруханаға 2 адам түсті. Біріншісіне ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың жеңіл дәрежеде жарақаты, бастың оң жақ сүйегінің сыну диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр. Екінші науқаста жабық бас жарақаты, мидың шайқалу диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Үшіншісі Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның сол аяғының тобығы, оң қол шынтағы жабық, сол қол шынтағына ашық сынған деген диагноз қойылып отыр. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Осыған дейін, әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болған еді.

Хабар 24 телеарнасы