389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы құрылыс компаниясында аюлар «қонақта болды»

  • 213
  • UPD: 11:52, 26.09.2019

Шығыс Қазақстанда облысы Риддер қаласы маңындағы құрылыс компаниясының алаңқайына аю кіріп кетті. Жыртқыш аңдар алаңсыз, ештеңеден сескенбейді.

Мұндай қауіпті жағдай өңірде бірінші рет болып отырған жоқ. Осыған дейін де табиғат аясында тынығып жатқан тұрғындардың кәуаптарын қауіпті қонақ жеп кеткен болатын. Сала мамандарының есептеуі бойынша өңірде 3 мың аю  бар. Алайда олардың саны   көп болуы мүмкін. Жалпы қазір азулы аң Тарбағатай, Көкпекті, Алтай, Ұлан аудандарында жиі кездеседі.

Шығыс Қазақастанда Өскемен-Алматы бағытымен кетіп бара жатқан  жолаушылар көлігі аударылды. Апат салдарынан 2 адам зардап шеккен. Қазір оның біреуі ауруханада жатыр.  Жалпы автобустың ішінде 25 адам  отырған. Полиция департаментінің хабарлауынша,жол көлік оқиғасы Аягөз ауданындағы Айғыржал  станциясының маңында  болған.  37 жастағы көлік жүргізушісі автобус тізгініне ие бола алмай жол жиегіне шығып, аударылып қалды. Куәгерлердің айтуынша жүргізуші жол үстінде ұйықтап кеткен көрінеді. Алайда оның өзі апаттың техникалық ақаудан болғанын айтып отыр. 

Ержан Самарханов,  ПД Ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы:

- Жүргізушінің айтуына байланысты,жол-көлік оқиғасының себебі техникада ақау болғаны. Жол көлік апаты бойынша қылмысьтық кодекстің 345-бабына сәйкес соталды тергеу жүргізілуде.

Ақсу ауданы Қарашілік ауылының 33 жастағы тұрғыны тәртіп сақшысына шабуыл жасады. Қолындағы кісенін шешуді талап еткен ол мемлекеттік қызметкерді теуіп, аудандық полиция бөлімінің терезесін сындырған. Ішімдікке қызып алған  күдікті жүк көлігінің жүргізушісін соғып, дүкенді тонағаны үшін ұсталған еді. Енді ол өз әрекеті үшін сот алдында жауап беретін болады.  

Семейде арақ шарап сататын дүкеннің қабырғасы құлады. Бұған  сауда орны мен іргелес тұрған стамотологияда жүргізілген құрылыс жұмыстары себеп болыпты. Емдеу мекемесі өздеріне тиесілі аймақтағы ғимаратты бұзған. Сол кезде сауда орнының іргетасы шыдамай керегесі опырылып түскен.  

Қарасай және Жамбыл ауданының табиғат сақшылары заңсыз аңшылық жасаған екі адамды ұстады. Кезекті рейд кезінде Қарақастек ауылының маңында жол талғамайтын көлік тоқтатылған. Оның ішінен атылған елік пен рұқсат құжаты бар екі мылтық табылды. Жануардың еті сараптамаға жіберіліп, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Жыл басынан бері сала мамандары 860 рет табиғатты қорғау заңының бұзылғанын тіркеген. Соның  341 бойынша қылмыстық іс қозғап, кінәлілер жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы