425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдағы сауда орталығынан түтін шықты

  • 219
  • UPD: 17:57, 30.10.2020
Қостанайдағы сауда орталығынан түтін шықты

30 қазан күні сағат 15: 34-те 101 пультіне «Kostanay Plaza» СОО ғимаратындағы бутиктердің бірінде түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қостанай қаласының өрт сөндіру бөлімшелері дереу жоғары дәреже бойынша хабарлама орнына жіберілді. Алғашқы бөлімшелер сағат 15:40-та келгенде «Kostanay Plaza» СОО бірінші қабатында бутиктердің бірінде шамның қуат блогының тұйықталуы өрт туындатқаны анықталды. Түтіндеу нәтижесінде орнатылған автоматты өрт дабылы мен сөзді хабарлау жүйесі іске қосылды. Сауда-ойын-сауық орталығының қызметкерлері мен келушілері сыртқа шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Шақыртуға Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамнан 34 адам және 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы