Алдын ала мәліметтер бойынша Ақтөбе облысында қаза болған кеншілер жарылыс жұмыстары кезінде газдан уланып қалған.
Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Төрт адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.
Облыс әкімдігі құрбандардың тізімін атады:
тау-кен шебері Қайқанов Асхат Мадридұлы;
жарушы Черный Денис Викторович, 1985 жылғы;
Шаметов Рустам Бекарысұлы, 1981 жылғы;
жүргізуші Жакупов Б., 1983 жылғы.