378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде президенттікке кандидат куәлігін алғандар қатары толықты

  • 145
  • UPD: 21:48, 06.05.2019

Тағы үш азамат Қазақстан Президенттігіне кандидат болып тіркелді. Олар «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған Төлеутай Рақымбеков, коммунист Жамбыл Ахметбеков және саясаткер Әміржан Қосанов. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлер тапсырған құжаттарды талаптарға сай деп таныды.

Жамбыл Ахметбеков:

-Мы уверены, что победим!

Әміржан Қосанов:

-Куәлік қолда. Бағдарлама дайын.

Төлеутай Рақымбеков:

-Оң қолмен ұстайын.

- Ырымға сенеміз бе?

- Қазақ ырымшыл халық.

Ырымшыл Төлеутай Рақымбеков алдағы саяси аламанда ауылдағы ағайынның дауыстарына сенім артып отыр. «Ауыл» партиясынан ұсынылған үміткер сайлау әділ өтетініне үмітті. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Сатайұлы тапсырған құжаттарын талаптарға сәйкес деп таныды.

Төлеутай Рақымбеков, ҚР президенттігіне үміткер:

- Алдында біраз жұмыс атқарылды. Партия президиумы өтті. Одан кейін саяси кеңес өтті. Сосын Съез өтті. Біздің партияда 300 мыңнан астам мүше бар. Солардың ішінен мені ұсынғанына мен қуаныштымын, әрине.

Бұл жолы Жамбыл Ахметбековтың каратэші кейпін көрмейміз. Бүгін Президенттікке кандидат куәлігін алған коммунист үгіт-насихат науқаны барысында шығыс жекпе-жегінен гөрі, әділ саяси тартысты көрсетуге ниетті. Коммунистік партияның атынан ұсынылған үміткер 8 жыл бұрын да сайлауға түсіп, 1,36 пайыз дауыс жинаған. Енді осы «аламанда» бәрінен озып түсемін, деп сеніп отыр.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР президенттігіне үміткер:

- Азаматтардың барлығын сайлауға қатысуға бірауыздан шақырамын. Жұмыла кірісіңіздер деймін. Қазақстанның әрі қарай дамуы осы сайлауға байланысты. Сондықтан біз жеңіске жетеміз деген сенімдемін.

Ал Әміржан Қосанов Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде жетінші болып тіркелді. Енді осы «7» санын және үміткер куәлігін қасиетті Рамазан айының басында алуын Қосанов мырза жақсылыққа балап отыр. «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы ұсынған саясаткерді қазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Әміржан Қосанов, ҚР президенттігіне үміткер:

-Дауыс беру туралы қазір қоғамды үлкен пікірталас болып жатыр. Халықтың өкілі қатыссын десеңіздер, осы сайлауға келіңіздер. Өздеріңіз қалаған кандидатқа дауыс беріңіздер. Отырып қалмаңыздар. Өйткені, Қазақстан үлкен жауапты саяси науқанның алдында тұр.

Бұған дейін Қазақстан Президенттігіне үміткер куәлігін Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Амангелді Таспихов және Дания Еспаева алды. 

Авторлары: Ж.Біркенов, Ғ.Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы