384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы Елбасына Құрмет марапатын тапсырды

  • 259
  • UPD: 13:20, 06.07.2019
Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы Елбасына Құрмет марапатын тапсырды

АХҚО құрғаны үшін Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы (WAIF) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрмет марапатын тапсырды.

Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы (WAIFC) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа АХҚО құрғаны үшін, сондай-ақ халықаралық қаржы орталықтары арасындағы жаһандық ынтымақтастықты дамытудағы Елбасының елеулі еңбегі үшін Құрмет марапатын тапсырды.

Марапат жыл сайынғы Astana Finance Days қаржылық конференциясы аясында тапсырылды. Марапатты Тұңғыш Президент атынан АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов қабылдады.

Халықаралық қаржы орталықтарының дүниежүзілік альянсы Басқарма мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Қ.Келімбетов АХҚО-ның жұмыс істеген алғашқы жылғы жетістіктерін атап өтті. «Тұңғыш Президент жарлығын басшылыққа ала отырып, АХҚО әлемдегі көптеген дамыған және дамушы халықаралық қаржы орталықтары мен биржалармен әріптестік қарым-қатынас орнатты», – деді ол.

WAIFC атынан басқарушы директор Д-р Йохен Бидерманн қаржы қызметтеріне, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытуға және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету үшін тартымды және ашық халықаралық орта құру арқасында елдің экономикасына инвестиция тартудағы АХҚО-ның негізгі рөлін мойындау белгісі ретінде Республиканың Тұңғыш Президенті-Елбасына Құрмет марапатын тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы