389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте барысты қорғауға арналған марафон өтті

  • 197
  • UPD: 22:03, 15.09.2019

Қар барысын сақтайық! Осындай ұранмен Бішкекте жеңіл атлетикадан халықаралық марафон өтті. Жарысқа әуесқойы бар, кәсіпқой спортшыларды қоса есептегенде әлемнің 20 елінің өкілі жиналды. Арасында қазақстандықтар басым. Өйткені бұл жыртқыш аңның біздің ел үшін орны бөлек.

Бұл Бішкекте соңғы 30 жылда өтіп тұрған үлкен марафон. Спортшыларға шаһардың 22 шақырым жолы бөлінген. Жарысқа қатысушылардың арасында жеңіл атлетиканың ардагері Төлеутай Жаманбек те бар. Ол Қазақстанмен бірге шетелде де жақсы танымал. Көптеген халықаралық марафондарды көрген спортшы қар барысын құтқаруға арналған шараға қуана-қуана қатысуға келіскен. 

Төлеутай Жаманбек, марафонға қатысушы:

- Алматы мен Бішкек биік таулы жерде орналасқан. Ал мен өзім Орталық Қазақстаннанмын. Онда мұндай таулар жоқ. Бірақ менің бойым ұзын 1 метр 75 сантиметр, ал салмағым 60 келі. Сондықтан бар күшімді салуға тырысамын. Тауда жүгіріп үйренгендер жазықта еш қиналмайды.

Спортшылар 4 қашықтыққа жүгірді. 21, 14, 5 және 1 шақырымға. Соңғы жарысқа барлық адам, оның ішінде, мүгедектер де қатысты. Осылайша әр адам қар барысын сақтауға үлесін қосты. Шараға келген Жәмилә Жарқынбаева осы аңның кимін киіп жүгіруді жөн көрген.

Жәмилә Жарқынбаева, марафонға қатысушы:

- Алдымен құлақ ойлап таппақ болдық. Содан кейін тағы бір қыз басқа ұсыныс айтты. Мен аңның терісін іздедім. Осылайша бірігіп жарысқа киім жасап шықтық. 

Марафонға әртүрлі елден келген 1 мыңнан астам адам қатысты. Жарыстың сыйлық қоры 4,5 миллион сом немесе 23 миллион теңге. Ал қайырымдылық шарасы арқылы жиналған қаржының жартысы Дүниежүзілік қар барысын сақтау қорына бөлінеді.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы