389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боксшы Б.Нұрдәулетов әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

  • 316
  • UPD: 23:32, 21.09.2019

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы алтын ел қоржынына түсті.

 81 келіде қазақ елінің намысын қорғаған Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовты жеңді. 

Бекзат қарсыласын айқын ұтты. Қапталдағы төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін толықтай мойындады - 5:0. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі) ел қоржынына қола медаль салған болатын. 

Сондай ақ Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта тағы бір өзбекстандық Баходир Джалоловпен алтын үшін жұдырықтасады.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы