424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Минскіде жекпе-жекке шыққан қазақстандық боксшы үш белдіктен айырылып қалды

  • 523
  • UPD: 12:04, 28.07.2020

Қазақстандық кәсіпқой бокс шеберлері ұзақ үзілістен кейін қайта шаршы алаңға шықты. Минск төріндегі жекпе-жек кешінде Айдос Ербосынұлы чемпиондық белдіктерін сәтті қорғады.

Алматылық боксшы германиялық Нуху Лавалмен жолыққан еді. 10 раундқа созылған кездесудің жеңімпазы төрешілер шешімімен анықталды. Осылайша Айдос 3 тұжырым бойынша аралық белдіктерін сақтап қалды. Айдоспен қатар осы бокс кеші аясында қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов, Бек Нұрмағамбет және Евгений Павловтар да бағын сынады. Аталған жерлестеріміз қарсыластарын нокаутқа жіберіп, жекпе-жектерін уақытынан бұрын аяқтады. Ал Нұрсұлтан Жаңабаев есе жіберді. Бұған дейін бір де бір жеңіліс көрмеген жамбылдық боксшы франциялық Сэнди Мессаудпен кездескен еді. Нәтижесінде Нұрсұлтанның 3 бірдей аралық чемпиондық белдігі еуропалық боксшының еншісінде кетті.

Хабар 24 телеарнасы