412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның EXPO-дағы ұлттық павильонын миллионыншы адам аралады

  • 735

 «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі еліміздің ұлттық павильонында миллионыншы келуші тіркелді.

Халықаралық шара басталғалы «Нұр Әлем» сферасы көрменің кісі көп жиылатын ең танымал нысаны саналады. Күн сайын мұнда 10 мыннан 28 мыңға дейін адам келеді екен. Ал, ашылған сәттен бері мұнда 50-ге жуық президент мен үкімет басшысы бас сұғыпты.

Айта кеткен жөн, «Нұр Әлем» – әлемдегі ең үлкен сфера пішінді ғимарат. Диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метрге дейін жетеді. Халықаралық шара аяқталған соң бұл құрылыс «Болашақ музейіне» айналып, кейіннен туристік нысан ретінде қызметін жалғастырады.

Хабар 24 телеарнасы