385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның футзал құрамасы әлем чемпионатын жеңілістен бастады

  • 679

Колумбияда футзалдан өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің құрамасы жеңіліп қалды.  

Аргентина командасымен кездескен біздің футзалшылар бірінші таймның аяқталуына жарты минут қалған кезде, қарсыластарға есе жіберіп, 1 гол салғызды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуді 16 қыркүйекте Коста-Рика командасымен өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша таңғы 05:00-де басталады.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы