386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Башар Асад: Коалиция күштері біздің әскерилерді 1 сағат бойы қасақана атқылады

  • 573
Башар Асад: Коалиция күштері біздің әскерилерді 1 сағат бойы қасақана атқылады http://www.info7.mx/

Сирия президенті Башар Асад 16 қыркүйекте Дейр-эз-Зор қаласында халықаралық коалиция күштері Сирия үкіметінің сарбаздарын қасақана атқылағанын айтты.

AP агенттігіне берген сұхбатында ол: «Шабуылды тек бір ұшақ емес, төрт ұшақ жасады. Олар қателесіп, террористерді емес әскерилерді атқылап жатқанын түсінген соң сарбаздарды бүйтіп бір сағаттан астам уақыт бойы қырмас еді», - деді.

Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, 16 қыркүйекте Дейр-эз-Зор қаласының маңында болған АҚШ бастаған коалицияның әуе шабуылынан Сирия үкіметінің 83 сарбазы қаза тапты. 

Айта кету керек, ресми Вашингтон бұл соққыны мойындап, әскерилерді террористермен шатастырғанын алға тартты.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы