389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Варшавада мыңдаған ереуілші парламент ғимаратын жауып тастады

  • 702

Варшавада мыңдаған ереуілші парламенттен шығатын барлық есікті бекітіп тастады.

Наразылық шарасы Заң шығарушы органның төменгі палатасы – Сеймнің келесі жылға арналған бюджетті бекіту бойынша дауыс беруді санайтын арнайы жүйе орнатылмаған залда қабылдағаннан кейін басталған. Журналистерге бұл отырысқа қатысуға мүлде рұқсат етілмеген. Сондықтан оппозиция аталған құжат құқық бұзушылықтармен қабылданды деп есептейді. Жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 3:00 шамасында полиция бір топ көліктің парламент ауласынан шығып кетуіне мүмкіндік жасаған. Олардың арасында Польша премьер-министрі Беата Шидло бар. Тәртіп сақшылары болса, бұқаралық ақпарат құралдары «текетірес кезінде көзден жас ағызатын газ қолданылды» деген мәліметті жоққа шығарды. 

Хабар 24 телеарнасы