428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан – инвесторлар үшін Орталық Азиядағы ең қолайлы ел

  • 752

«Қазақстан – инвесторлар үшін Орталық Азиядағы ең қолайлы ел».

Бұл Польша бизмендерінің пікірі. Selena компаниясының басшысы Кшиштоф Домарецки «Қазақстанға бет бұруымның басты себебі осы» дейді. Поляк кәсіпкері бірден іске кірісіп, жаңа зауыттың жұмысын бастамақ.

Айта кетейік, Selena - құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын әлемге танымал компания.  

Кшиштоф Домарецки Selena FM S.A. компаниясы қадағалау кеңесінің төрағасы:

- Қазақстанда инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдайлардың жасалғанын ерекше атап айтқым келеді. Біз Қазақстанға емін-еркін келіп, өз мамандарымызды әкеліп, оған қоса жергілікті мамандарды жұмысқа тарта аламыз. Инвестициямызды құйып, сондай-ақ өнімдерімізді Қазақстаннан Орталық Азияның барлық елдеріне экспорттай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы