378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Латвия мен Қазақстан арасында сыйластыққа негізделген сенімді серіктестік қалыптасқан

  • 543

Латвия мен Қазақстан арасында шынайы достық, өзара түсіністік және сыйластыққа негізделген сенімді серіктестік қалыптасқан.

Екі елдің заң шығарушы органдары тұрақты, әрі сындарлы саяси диалог жүргізіп келеді. Латвияның Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік тобының басшысы Ингуна Судрабаның айтуынша, қос халықтың мүдделері үшін бұл байланыстарды нығайта түсу керек. Екі мемлекеттің бір-бірінен үйренері көп. Әсіресе, Балтық жағалауы республикасын біздің ұлтаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша озық тәжірибеміз қызықтырады.

Ингуна Судраба, Латвия Парламентінің депутаты:

- Парламентте жұмыс істегенде Қазақстанға бару сәті түсті. Бір шаңырақтың астына түрлі дін өкілдері жиналып, ортақ құндылықтар мен бейбітшілікті талқылаған халықаралық маңызды жиынға қатыстым. Қазақстан елі бейбітшілік бастамаларын барлығына ортақ тілде, өз мүдделерін таңбай, әрқашанда бірінші көтереді. Қазақ жерінде достарымның барына, сондай-ақ, осындай ұлы, әрі мықты мемлекетпен және өз еліне берілген адамдармен ынтымақтастық орнатқаныма мақтанамын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазақ еліне даму мен гүлдену тілеймін. Жастарыңыз күш-қуатын республиканың өркендеуіне бағыттай берсін. Латвия мен Қазақстан арасындағы достық ғасырларға жалғассын.

Хабар 24 телеарнасы