389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Инвесторлар Қазақстанды тәуелсіздік мерейтойымен құттықтайды

  • 994

Қазақстанда тәуелсіздік мерейтойымен Ұлыбританиядағы инвесторлар құттықтайды.

Ge Oil & Gas - компаниясының бас атқарушы директоры Лорензо Симонелли мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына жетістікке толы іскерлік қарым-қатынас жылдары үшін шынайы алғысын білдіреді. Симонеллидің айтуынша өзі басшылық жасайтын компания біздің елмен әріптес болғанын мақтан тұтады. Локомотивтер шығару зауытынан бөлек GE Oil & Gas-тың біздің елде мұнай және газ, денсаулық сақтау және су тазарту салаларында жобалары бар. Компания басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа деген іскерлік әріптестік үшін, қолайлы климат жасағаны үшін алғысы шексіз және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандықтарды ұлы мерекемен құттықтайды.

Лорензо Симонелли, GE OIL & GAS компаниясының бас атқарушы директоры:

- Мен Қазақстан халқына бақыт тілегім келеді. Тәуелсіздік - кез келген ұлт үшін маңызды. Сіздің мемлекет өте жас, бірақ аз уақыт ішінде біраз жетістікке жетіп үлгерді. Мен Қазақстанда бірнеше рет болғаныма және қазақстандықтардың қуанышты жүздерін көргеніме ризамын.

Хабар 24 телеарнасы