389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жаңажылдық шаңғы жарысы өтіп жатыр

  • 1243
Астанада жаңажылдық шаңғы жарысы өтіп жатыр Фото: astana.gov.kz

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне елордада «Астана орманы» жасыл белдеуінің «Жол-соқпақ желісі» веложолының базасында жаңажылдық шаңғы жарысының салтанатты ашылуы өтті.

Шараны елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі дирекциясы және елорда әкімдігінің №2 Балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі ұйымдастырды. Жарыста барлық жас санаттары бойынша ерлер мен әйелдер, қыздар мен жігіттер қатысады.

Сайыс ережесіне сәйкес, әрбір жас категориясының өкілдеріне белгілі бір қашықтық берілген. Шаңғымен жүгіруден ерлер арасындағы орташа қашықтық 2 км болса, әйелдер 1 шақырымды еңсеруге тиіс. 18 жастағы жасөспірімдер арасында орташа қашықтық 5 км, қыздарда 3 км, ал 10-12 жас аралығындағы кішкентай спортшылар километрлік қашықтықты еңсереді.

«Бұл дәстүрлі түрде өтетін шара, биыл біз оны алғаш рет «Астана орманы» жасыл белдеуінің аумағында өткізуді шештік. Жарыстарға қатысу үшін 90 адам тіркелген, бұл 2009 жылы туған және одан үлкен балалар, ардагерлер де келіп жатыр. Жалпы, регламент бойынша 7 жас тобы бар. Жеңімпаздар үшін естелік сыйлықтар мен жүлделер қарастырылған», - дейді №2 Балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі басшысының орынбасары Петр Белый.

Ұйымдастырушылар «Астана орманы» жасыл белдеуінің аумағы болашақта қала тұрғындары мен спорт сүйер қауымның белсенді демалыс өткізетін сүйікті орнына айналады.

Хабар 24 телеарнасы