423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Тараз әкімдігінің қызметкерлері пандемия кезінде заңсыз ақшаға кенелмекші болған | Antikor.KZ

  • 104

Локдаун жемқорлыққа бейім адамдардың оң жамбасына келді. Қиын шақта халықты, бизнесті қолдауға бағытталған қыруар қаражатты қолды қылғандар аз емес.

Айыппұлдың орнына пара бер де, жұмыс істей бер. Кейбір шенеуніктер бизнес өкілдерінен тағы қандай жолмен ақша талап етеді?

Парақорлықтан қалай құтыламыз? Бизнес өкілдеріне жемқорлыққа қарсы агенттіктен қандай көмек бар?

Тараз әкімдігінің қызметкерлері пандемия кезінде заңды белден басып, оңай жолмен ақшаға кенелмекші болған. Қалай дейсіз ғой. Карантиндік шектеуге қарамастан балаларға арналған ойын-сауық орталығы еш кедергісіз жұмыс істеген. Бұл үшін орталықтың әкімшісі әкімдіктің қызметкерлеріне 200 мың теңге пара берген. Ақыры кінәлі 3 адам да тұтылды. Шенеуніктер алаяқтық істері үшін сотталды. Ал кәсіпкер 6 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сот барлығын да мемлекеттік қызметтен өмір бойына аластатты.

Хабар 24 телеарнасы