377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен кездесті

  • 814
  • UPD: 16:24, 18.10.2018
Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Брюссельдегі король сарайы 18-ғасырда салынған көне ғимарат. Қазіргі уақытта оның есігі тек ресми делегацияларға ғана айқара ашық. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа король тарапынан зор құрмет көрсетілді. Жалпы Еуропада орналасқан осы елмен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас сенім мен әріптестікке негізделген. Екіжақты кездесуде өзара байланыстар мен күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Қазақстан мен Бельгия саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестіктің әлеуетін арттыруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы