365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей президенттері 2019-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті

  • 310
  • UPD: 23:26, 09.11.2018

Қазақстан мен Ресей аймақтары арасында туристік жобаларды қолға алу, киелі жерлерді бірлесіп насихаттау, Каспий теңізі арқылы барыс-келісті жолға қойып, кеден бекеттерінен азаматтардың кедергісіз өтуіне жол ашу, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл – Петропавлда екі елдің 15-өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол жеткен келісімдердің бір бөлігі. Жоғары деңгейдегі кездесу Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өтіп, президенттер алдағы жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы Петропавлда алғаш рет өтіп отыр. Бұл ауқымды шара – екі ел ынтымақтастығының жарқын көрінісі. Қос мемлекет арасын 7 мың шақырымнан асатын шекаралық сызық бөліп тұр. Тізе берсек, сан түрлі салада ынтымақтастық орнаған. Форум қарсаңында Петропавл шаһары да айрықша кейіпке еніп, көркіне көрік қосқан. Себебі, облыс үшін форумның ұйымдастырылуы мен екі ел президенттерінің басқосуы – тарихи оқиға.

Форум басталмас бұрын екі ел президенттері «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары және үрдістері» атты көрмені аралады. Мұнда еліміздің және солтүстік көршіміздің жауһар жерлері, тарихи-танымдық мекендері көрсетілді. Туризм саласындағы тың дүниелер де таныстырылды. Көрмеде қазақстандық қолөнер шеберлері Ресей Президентіне қамшыны сыйға тартты.

Форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екеуара да кездесті. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Уважаемый Владимир Владимирович! Сердечно приветствую Вас на ещё одной территории северного Казахстана. Вчера мы в Астане провели заседание Высшего Совета ОДКБ: все поставленные задачи мы там решили, решения приняли. Сегодня у нас ежегодная межрегиональная встреча: регионы России – регионы Казахстана. Встречаемся, подводим итог прошлогодней работы. Хочу сказать, что при товарообороте, который в этом году, как мы считаем, достигнет 18 миллиардов долларов, 70 процентов происходит между регионами. И мы сейчас выбрали ещё одну тему – туризм, которую ещё не открыли. В мире десять процентов ВВП составляет туризм, в наших странах – один процент. Россия – большая, конечно. Казахстан тоже большой. Но взаимодействие между собой двух стран, знание, куда надо ехать, что посещать в туристическом плане – это будет большая выгода, оживление нашей межгосударственной торговли. Поэтому спасибо, что Вы прибыли. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, форум тақырыбы расымен маңызды. Қазақстанмен тауар айналымымыз ауқымды. ТМД арасында Беларусьтен кейін екінші орында тұр. Енді туризм саласында байланысымызды жандандырсақ, көрсеткіш арта түседі.

Бұған дейін өткен форумдар барысында Қазақстан мен Ресей арасында 200-ден астам келісім бекіген. Арадағы тауар айналымы жақын арада 20 миллиард долларға жетуі тиіс. Алыс-берістің артуына өңіраралық ынтымақтастық форумының ықпалы зор. Бұл шараны өткізу арқылы Қазақстан мен Ресей өзге елдерге де үлгі бола білді. Мәселен, Өзбекстан солтүстік көршімізбен сауда-саттығын ұлғайту үшін осындай іскерлік алаң құруға ниет білдірген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Рад встрече с Вами в Петропавловске, в областном центре СКО. С огромным удовольствием принимаем вас, как близких партнеров и соратников, и близких соседей. Говорят, что близкий сосед – лучше, чем дальний родственник. Мы – соседи, мы – родственники. Форум стал эффективной межгосударственной площадкой. Он стал важным институтом сотрудничества.

Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық жобалардың жалпы құны 10 млрд долларға тең. Енді химия, теміржол, ауыл шаруашылығы салаларында қолға алынуы тиіс ілкімді істер бар. «Жақын болашақта әлемдік туризм саласына 100 млрд доллар инвестиция тартылады. Бұған саяхатшылар үшін жаңа бағыттардың ашылуы сеп болмақ», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодняшний Форум посвящен очень важному и актуальному вопросу – новым подходам и тенденциям развития туризма в наших странах. Туризм является инструментом роста экономики даже в период глобальных экономических кризисов. Казахстану и России нельзя оставаться в стороне от этих процессов. Нам необходимо эффективно использовать открывающиеся возможности. Доля туризма в международном валовом внутреннем продукте составляет свыше 10 процентов, мировом экспорте услуг – 30 процентов. Сфера туризма притягивает сотни миллиардов долларов прямых инвестиций. Она оказывает мультипликативный эффект на развитие почти всех ключевых секторов экономики. Туризм является инструментом роста экономики даже в период глобальных экономических кризисов. Экспертами отмечается, к 2030 году популярные курорты и города, памятники истории и культуры посетят 1,8 млрд человек. Казахстану и России нельзя оставаться в стороне от этих процессов. Нам необходимо эффективно использовать открывающиеся возможности. Нужно принять системные меры для развития двустороннего туризма.

Қазақстанның туристік орындары ресейліктер арасында зор қызығушылыққа ие. Әсіресе Шымбұлақ пен Алакөл курорттық аймақтарынан солтүстік көршімізден жыл сайын мыңдаған саяхатшы келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы завершаем разработку пятилетней программы развития туризма. Ожидаем увеличение потока туристов в Казахстан до 13 миллионов посетителей, с созданием более 60 тысяч рабочих мест. Наши правительства должны в этом направлении поработать. И география, и история, и социально-культурная близость создают для этого абсолютно благоприятные условия.

Оңтүстіктегі Түркістанның облыс орталығына айналуы ежелгі шаһардың мәртебесін асырып, абыройын асқақтатты. Мың жарым жылдық тарихи бар көне қалаға түркі әлемінен мыңдаған саяхатшы келсе, ресейлік меймандарды солтүстіктегі киелі мекендер қызықтырады. Былтыр СҚО-дағы Имантау-Шалқар курорттық аймағының көліктік инфрақұрылымы жақсарды. Онда 37 демалыс орны мен 3 сауықтыру лагері жұмыс істейді.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Нұрсұлтан Әбішұлының ұсыныстарымен толық келісемін. Себебі, Қазақстан мен Ресейдің байланысы барлық салада қарқынды дамып келеді. Енді арадағы алыс-беріске кедергі болған мәселелерді шешуіміз керек. Сауда-саттығымыз соңғы бір жылда 30 пайызға артып отыр. Бірлескен жобаларымыз өте көп. Сауда-саттығымыздың басым бөлігі ұлттық валюталарымызбен жүзеге асады. Қазір 72 мың Қазақстан азаматы біздің оқу орындарымызда білім алады.

Еліміздің және Ресей өңірлері арасында ынтымақтастық нығайды. Форум аясында тараптар өзара әріптестікті арттыруға бағытталған келісімдер жасасты. Каспий теңізінде круиздік тур іске қосылатын болды. Ақтау, Петропавл және Қостанайдан Ресейге тікелей әуе рейстерін ашу жөніндегі бастама көтерілді. Бірлескен сақтандыру жүйесін енгізу де күн тәртібіне енді.

Қазақстан мен Ресей президенттері және үкімет өкілдері қол қойған құжаттар саны 10-нан асады. Бұл дегеніміз екі елдің кемінде алдағы 10 жылға негізделген туристік саладағы бағыт-бағдары белгіленгенін білдіреді. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 2019-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітсе, Ұлттық экономика министрліктері шекара маңындағы әріптестікті арттыруға уағдаласты. Бұл – СҚО жерінде алғаш рет өткен форумның нәтижесі. Оның жалғасы келер жылы Ресейдің Омбы өңірінде болады.

Форум соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жаңадан салынған Оқушылар сарайын аралады. Ғимарат толықтай цифрлық жүйеге негізделген. Қажетті қондырғылар АҚШ, Германия, Италия, Ресейден әкелінді. Нысанның бірінші қабатында киностудия орналасқан.

ІТ бағыттағы Оқушылар сарайында күніне 300 бала тәлім алады. Мұнда лего, радио SDR, дрондарды жинауға арналған қондырғылар, робот техникасы, мехатроника сыныптары ашылған. Бұған қоса, ақпараттық тақта ретінде іске қосылған цифрлық ресепшн жұмыс істейді.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, А.Д., Р.Ж., Х.О.

Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Оқушылар сарайына барды Еліміздің азаматтары Түркияда 90 күн визасыз жүре алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы