386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкіміне бірқатар тапсырма берді

  • 194
  • UPD: 13:54, 05.08.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Қазақстан президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы