374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастады

  • 477
  • UPD: 08:04, 29.03.2018
Алматыда жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастады

Алматы мектептері халықаралық стандарт бойынша білім бере бастады. Өткен жылы күзде қолға алынған пилоттық жобаға химия, физика, информатика және биология пәндері енгізілген.

Тәжірибеге қатысқан қаладағы 27 мектептен 85 мұғалім қайта дайындық курсынан өтті. Қазір сол білім ошақтарында сегізінші сыныптан бастап жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылып жатыр. Басты мақсат оқушылардың әлемдік деңгейде білім алуына мүмкіндік жасау. Осы мәселеге орай республикалық семинар өтті. Онда ұстаздар жобаның артықшылығы мен кемшін тұстарын талқылап, арнайы шақырылған сарапшылардың пікірлерін тыңдады.

Қарлығаш Әбдіманапова, Алматы қаласы білім басқармасының бас маманы:

- Республика бойынша пилотқа қатысып отырған мектептің мұғалімдерінің қорытындысын, нәтижелерін және осы арада қандай проблемалар бар, оны қалай шешіп жатырмыз сондай іс-тәжірибемен бөлісу.

Боб Оби, Кембридж университетінің сарапшысы:

- Қазіргі таңда ағылшын тілінде шығатын ғылыми кітаптардың тілі өте күрделі. Оны оқушылар түсіне алмайды. Ал халықаралық мамандардың ұсынған жаңа оқулықтарында графика, сурет және тағы басқа да қосымшалар бар. Сөйлемдер қарапайым сөздерден құрылған. Бұл қазақстандық оқушылар үшін ыңғайлы болады деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Еліміздің барлық мектебінде сабақтар 25 мамырда аяқталады Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы «Ақылды үй» жобасын жасап шығарды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы