387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҰУ-да профессор Ғ.Шалахметовтың мерейтойына орай конференция өтті

  • 550
  • UPD: 20:55, 08.06.2018

Еуразия ұлттық университетінде публицист, профессор Ғаділбек Шалахметовтың 75 жылдығына арналған ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Осы мерейтойға орай Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мерейтой иесіне Күлтегін төсбелгісін тапсырды. Жиын барысында профессор еңбек жолында түйген ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, Ғаділбек Шалахметов кеңестік кезеңнен бастап, қазақ телевизиясының дамуына зор үлес қосты. Тәуелсіздік алған тұста Тұңғыш Президенттің алғашқы баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Мемлекетаралық «Мир» тереарадиокомпаниясының негізін қалады. Тілшілікпен қатар қоғамдық жұмыстарға атсалысып, 3-шақырылымда Мәжіліс депутаттығына сайланды. Еңбек жолында талай жауапты істі игілікпен атқарған публицист, профессор бүгінде шәкірт тәрбиелеуде.

Ғаділбек Шалахметов қоғам қайраткері, публицист:

- Мен жас кезімде жастар редакциясы, «Құрдастарда» бастағанмын жұмысымды. 20-25ке толғанда айтқан едім, журналистің ең керегі өтірік айтпау. Болды. Қалғаны келе қояды. Әлі қазір де соны қарап тұрмын да, жас журналистке қуанып жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы