374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада робот құрастырудан чемпионат өтіп жатыр

  • 238
  • UPD: 22:53, 20.06.2018

Елордада «Уорльд робот Олимпиад» атауымен робототехникадан ұлттық чемпионат өтіп жатыр.

Осымен 4-рет ұйымдастырылып отырған жас өнертапқыштар бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден астам оқушы қатысып, төрт түрлі санат бойынша бақ сынасуда. Олар «Негізгі», «Шығармашылық», «Робот футболы» және «Smart City» номинациялпары. Төрешілер өнертабыстарды күрделілігіне және қатысушының техникасын сынақтан өткізу арқылы кеңінен таныстыруына баса мән бермек. Ал жеңімпаздар 21 маусымда анықталады. Жүлделі орыннан көрінген өрендер биыл қараша айында Таиландта өтетін WRO-2018 халықаралық олимпиадасында ұлттық команданың намысын қорғамақ. Жыл тақырыбы «астың маңызы» деп аталады. Осылайша осы жылы чемпионат 1560 қатысушыны қамтыды, олардың 286-сы Зияткерлік мектебінің оқушылары.

Азамат Биданов, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақпараттық жүйелер орталығы директорының орынбасары:

- Әрбір жас категориясы бойынша көп қызық-қызық жобалар келіп жатыр. Балдар өздерінің ойлау қабілеті арқылы креативті ойлау қабілеті бойынша мысалы, синтетикалық тамақты ойластыру немесе үйдің үстінде, шатырдың үстінде өсіру тамақты. Оны қайтадан өңдеу. Біздің арнайы халықаралық кестеміз бар. Бұл бүкіл мектеп бірдей, төрешілер олар дизайнына қарайды, балалардың айту қабілетіне қарайды.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысы түркі әлемінің ғалымдарын біріктіруші орталыққа айналады СҚО-да түлектердің 30 пайызы ҰБТ тапсырмайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы