379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғарғы оқу саласында үлкен өзгерістер болады – Саясаттанушы

  • 180
  • UPD: 09:35, 13.06.2019
Жоғарғы оқу саласында үлкен өзгерістер болады – Саясаттанушы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде «Алтыншы бағыт ретінде әділетті әлеуметтік саясатты қарастырамыз. 

Жалпы білім беруді қолдау, тұрғындарға сапалы медициналық қызметті қолға алу керек. Мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылдаймыз» ­деген болатын. Ұлт болашағы болар ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың борышымыз дейді ұстаздар қауымы.

Сайфолла Сапанов, Х. Досмұхамедов атындағы атырау мемлекеттік университетінің профессоры, саясаттанушы:

- Міне осы орайда біздің жоғарғы оқу саласында да реформалар, үлкен өзгерістер болады деп ойлаймын. Өйткені жасыратыны жоқ әлемдік стандартттарға сәйкес келетін жастарды тәрбиелеу, әлемдік стандарттарға сәйкес мұғалімдер дайындау мәселесі қазір өте бір қайнап тұрған мәселе деп айтуға болады. Өзімізге деген үлкен бір бағдарламалық, тұжырымдық көптен күтіп жүрген мәселелерді естідік. Және осы бағытта жұмыс істейміз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы