387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Astana IT University» биыл 600-ден астам студентті қабылдады

  • 179
  • UPD: 21:53, 09.09.2019

Әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп ашылған «Astana IT University» биыл 600-ден астам студентті қабылдады.

Университет нарықта сұранысқа ие мамандарды дайындайды. Киберқауіпсіздік, компьютерлік ғылым, индустриялдық инжиниринг және айти-менеджмент бойынша, еліміздің және шетелдің үздік оқытушылары дәріс береді. Оқу орыны ірі инновациялық кластерлердің бірі және айти индустириясының орталығы ЭКСПО аумағында орналасқан. Университеттің құрылтайшысы «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қоры». Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңа оқу орнында болып, студенттермен және оқытушылармен кездесті. Студенттердің көбі еліміздің әр өңіріндегі физика-математика бағытында білім беретін мектеп гимназиялардың түлектері. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында робототехника ғылымымен айналысқан үздіктердің біразы осы университетті таңдаған.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер –министрінің орынбасары:

- Сіздер біздің ойымызша, бақытты азаматтардың бірісіздер. Себебі, сіздер университеттің алғашқы студенттерісіздер. Сіздер өздеріңіздің әріптестеріңізбен бірге халықаралық деңгейге сай білім аласыздар, Ертең осы Қазақстанның дамуы үшін, Қазақстанның экономикасы қазіргі 21 ғасырдың талабына сай, басқа мемлекеттерден қалмай өз үлестеріңізді қосасыздар.

Дариға Сақтағанова, университет студенті:

-  Бұл университеттің ерекшеліктері өте көп. Біріншіден оқу небәрі 3 жыл. Және де, екіншіден, оқу тек ағылшын тілінде өткізіледі. Үшіншіден, орналасқан жері ЭКСПО аумағы. Ол өте керемет. Мен көптеген оқытушылармен танысып, жақсы араласып кеттім. Олар өте сыпайы, түсінікті адамдар екен.

Хабар 24 телеарнасы