422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырауға тыйым салынады

  • 813
  • UPD: 13:51, 24.05.2020
Елордада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырауға тыйым салынады almaty.tv

Елордада карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бүгінгі қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатқа сәйкес, түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өткізуге, сондай-ақ кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан балабақша қызметіне тыйым салынады.

«Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету керек», - делінген құжатта.

 

Хабар 24 телеарнасы