420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 800 мың оқушы мектепке барып жүр

  • 91
  • UPD: 13:18, 10.09.2020
Қазақстанда 800 мың оқушы мектепке барып жүр

Елімізде шамамен 800 мың бала дәстүрлі форматта білім алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 550 мыңға жуық оқушы кезекші сыныптарға жазылса, қалған 250 мыңы сыйымдылығы 180 орыннан аспайтын білім ордаларына барады. Бұл көрсеткіш жалпы контингенттің 24% құрайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Елдегі 7 мың мектептің 3 мыңы шалғай ауылдарда орналасқан. Ол жақта да дәстүрлі формат сақтаулы. Кезекші сыныптарға бару мүмкіндігі бар 1 млн 300 баланың тек 547 мыңы оффлайн сабақтарға қатысады. Онлайн сабақтар үшін оқушыларға 435 мың компьютер уақытша пайдалануға берілді. Мұқтаж отбасыларға тағы 300 мыңнан астам дербес құрылғы ұсыну жоспарланып отыр. Жалпы ел бойынша күніне шамамен 2 млн сабақ өткізіліп, 1 млн тапсырма беріледі. Платформалардың орташа қаралым көрсеткіші – 70-80 млн. Бұл жұмыстарға 500 мыңнан астам мұғалім жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы