389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


12 мамыр күні Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

  • 863
12 мамыр күні Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді МГПУ

«Біз – таза елорданы қолдаймыз!» жалпықалалық сенбілігіне 100 000 астам адам, 5000 астам кәсіпорын мен ұйымдар, 49 жоғары және орта арнаулы оқу орны, 184 мектепке дейінгі және жалпы білім беретін оқу орны, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 152 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 560 бірегей техника жұмылдырылмақ. Сенбілікке қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен (күрек, тырмалауыш, қоқыс салатын қапшық) қамтамасыз етіледі.

Сенбілікте жаппай ағаш отырғызу, бей-берекет төгілген қалдықтар мен ластанып кеткен аймақтарды жою шаралары мен экологиялық акция өткізу жұмыстарына басымдық беріледі..

Аудан әкімдіктері құлақтандыру ісін жүргізеді және өздеріне бекітілген іргелес аумақтағы қажетті жұмыстардың түрін көрсететін хабарламаны таратумен айналысады. 

ПИК төрағалары тұрғындарды маңайдағы үйлердің территориясына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізуге, көшет отырғызу, шағын архитектуралық ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастырады. 

Жалпықалалық сенбілік кезінде 7 848 ағаш пен 2 790-нан астам жас тал-бұта отырғызу жоспарланды.

Қала әкімдігі Астана қаласының тұрғындарын 12 мамыр «Біз – таза елорданы қолдаймыз!» ұранымен өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысып, әрбір көше мен ауланың көркеюіне үлес қосуға шақырады.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы