389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада осы аптада қайда баруға болады

  • 1151
  • UPD: 12:32, 18.02.2019
Елордада осы аптада қайда баруға болады Театр оперы и балета «Астана Опера»

Астана қаласы әкімдігінің сайты 18-24 ақпан аралығына арналған қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы

18-28 ақпан сағат 10:00-18:00-де «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі

18-28 ақпан сағат 10:00-18:00-де «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі

18-28 ақпан сағат 10:00-18:00-де С.Махамбетовтің «Баллада гор и степей» жеке көрмесі

18-28 ақпан сағат 10:00-18:00-де Аманат Назарқұловтың жеке көрмесі

18-28 ақпан сағат 10:00-18:00-де «Современные нэцкэ из дерева» жапон көрмесі.

«Дәулет» СК

18-23 ақпан сағат 10:00-де Теннистен «Astana Masters 10 & under» Халықаралық турнирі     

«Барыс Арена» КМС

18 ақпан сағат 13:00-де шайбалы хоккейден 2018-2019 жж. маусымның  Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты аясында «Номад» ХК – «Алтай Торпедо» ХК командалар арасындағы матчі.

18-19 ақпан сағат 19:00-де шайбалы хоккейден 2018-2019 жж. маусымның ЖХЛ чемпионаты аясында «Снежные Барсы» ХК – «Сибирские Снайперы» ХК командалар арасындағы матчы

Ботаникалық саябақ

18 ақпан сағат 15:00-де «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында конькимен көңілді старт жарысы.

«Алау» МС

19-20 ақпан сағат 10:00-де коньки тебу спортынан Қазақстан Республикасының кубогы.

№24 орта мектебі 19 ақпан сағат 10:00-де асық атудан «Жігер сақасы» қалалық ашық  біріншілігі.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

19 ақпан сағат 11:00-де «Ер төстік» халық ертегісі.

20 ақпан сағат 11:00-де Т.Теменов «Ырылдақ күшік» ертегі.

21 ақпан сағат 18:30-да А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драма.

22 ақпан сағат 18:30-да Ш.Айтматов «Қызыл орамалды Шынарым» лирикалық драмасы.

23 ақпан сағат 18:30-да У.Шекспир «Отелло» трагедиясы.

24 ақпан сағат 18:30-де О.Жанайдаров «Жұт» драмасы.

«Nomad City Hall» концерт залы

19-22 ақпан сағат 19:00 «Қайырлы кеш, Қазақстан!» концерті.

Бейбітшілік және Келісім сарайы

19 ақпан сағат 19:00-де Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц» ертегісінің тұсаукесері  (М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

23 ақпан сағат 18:00-де К.Людвиг «Примадонны», комедия (М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

«Астана» концерт залы

19 ақпан сағат 19:00-де Александр Малининнің «Влюбленный в романс» концерті.

21 ақпан сағат 19:00-де Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы шығармашылық ұжымдарының қатысуымен Нұрлан Тлеужановтың жеке концерті.

23 ақпан сағат 18:00-де Үрмелі оркестрдің «Легенды рока» концерті.

Оқушылар сарайы (Б.Момышұлы даңғ, 5)

20 ақпан сағат 12:00-де Н.Гернет «Волшебная лампа Аладдина», ертегі (М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

«Қазақстан» ОКЗ      

20 ақпан сағат 19:00-де концерт «Таң самалы».

21 ақпан сағат 19:30-де «Мировые музыкальные бестселлеры» концерті

«Жастар» театры

20 ақпан сағат 19:00-де У.Шекспир «Асауға тұсау», комедия    

21 ақпан сағат 11:00-де Г.Х. Андерсен «Қар ханшайымы», ертегі    

22 ақпан сағат 19:00-де Н.Коляда «Тасбақа Үміт», психологиялық драмасы.

23 ақпан сағат 11:00-де Г.Х. Андерсен «Қар ханшайымы» ертегі.

24 ақпан сағат 19:00-де Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар» драмасы. 

«Жастар» сарайы 22 ақпан сағат 11:00-де «CHOREO 2019» атты VII Бүкілқазақстандық заманауи және көше билерінің байқауы.

24 ақпан сағат 10:00-де «ASTANA CUP-2019» атты республикалық балалар, жастар, ересектер шығармашылық байқауы.

Қуыршақтар театры

22 ақпан сағат 16:00-де Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» ертегі.

23-24 ақпан сағат 12:00,14:00, 16:00 Р.Мұсаев «Мяу, гав и чик-чирик» ертегі.

«Астана Опера» МОБТ (үлкен зал)   

22 ақпан сағат 19:00-де, 23 ақпан сағат 17:00-д Л.Минкус «Баядерка», балет

21 ақпан сағат 19:00-де «Поэзия струнных» атты аспапты-камералық  музыка кеші.

24  ақпан сағат 12:00-де (ағылшын тілінде) К.Сен-Санс «Карнавал животных» балаларға арналған концерт.

24 ақпан сағат 17:00-де «Восемь времен года» концерті. Есіл өзені («Кенесары батыр» ескерткішінің жанында)

23 ақпан сағат 11:00-де «Бұрқасын-2019» қысқы фестивалі        .

Астаналық цирк

23-24 ақпан сағат 16:00-де «Индира» атты  Александр Дементьев – Корниловтың цирктік шоуы.

Триатлон саябағы

24 ақпан сағат 10:00-де қысқы триатлоннан ҚР чемпионаты.

«Сарыарқа» велотрегі

24 ақпан сағат 20:00-де 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан-Филиппин ұлттық құрамасы арасындағы баскетбол матчы.

Хабар 24 телеарнасы