386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер: Елімізде аптап ыстық әлі бірнеше күн тұрады

  • 299
  • UPD: 17:44, 15.07.2019
Синоптиктер: Елімізде аптап ыстық әлі бірнеше күн тұрады

40 градусқа дейін жеткен аптап ыстық әлі бірнеше күн тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады. Бұл аймақтарда сынап бағанасы +43-ке дейін жетеді. Ал, Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланған. Яғни, бұл өңірде 16-18 шілде аралығында қапырық болады деп күтіліп отыр. «Жалпы температураның климаттық нормадан жоғары болуы антициклон және Ираннан келетін ыстық ауа массаларына байланысты», - дейді синоптиктер.

Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2...7°С жоғары болады деп болжануда. Жаз мезгілі болғандықтан мұндай жағдай қалыпты. Қатты өзгеріс деп айтуға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы