384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

  • 499
  • UPD: 17:46, 15.11.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды kazgazeta.kz

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

15-17 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

15 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Көкшетау қаласында 15 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтілуді.

Шығыс Қазақстан облысында 15 қарашада кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысына 15 қараша мен 16 қараша аралығына ескеру жарияланды. 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады деп күтіледі. Петропавл қаласында 16 қарашада жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.

16 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болуы ықтимал.

Шығыс-Қазақстан облысында 16 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан түнде кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с жетеді.

16 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады деп күтіледі.

16 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 16 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы