435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүл шоқтарын қалай ұзақ уақыт сақтауға болады – флорист

  • 223
  • UPD: 11:13, 03.03.2020
Гүл шоқтарын қалай ұзақ уақыт сақтауға болады – флорист

Ресейлік флористер қауымдастығының президенті Валентина Сафронова мерекелік гүл шоқтарын өз қалпында қалай ұзақ сақтауға болатыны туралы кеңес берді.

Айтуынша, минералды су арқылы гүлді қурайтпай сақтауға болады. Ол үшін әдеттегі ағынды судың орнына минералды су қосу керек. Минералды судағы көмірқышқыл газы қиғаш кесілген және таза вазаға салынған гүлдердің өмірін ұзартуға көмектеседі.

Маман гүлдерге ағартқыш пен аспирин, қант қосу әдістерінің пайдасын жоққа шығарды. Айтуынша, олар керісінше гүлдердің жағдайын нашарлатады. Себебі қант өсімдікті өлтіретін бактерияларды дамытады.

Сонымен қатар гүл шоқтарын жел қатты соғатын жерге және жылытқыш батареяның қасына қоймауға кеңес берді. Ал гүл шоқатрын жемістерге жақын орналастыру да оның ұзақ өмір сүруіне кері әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы