420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бес аймағында ауа райы бұзылуы мүмкін

  • 424
  • UPD: 08:44, 18.05.2020
Еліміздің бес аймағында ауа райы бұзылуы мүмкін zakon.kz

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қызылорда және Қостанай облыстарында жауын жауып, найзағай ойнап, қалың тұман түсуі ықтимал.

Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ синоптиктер «Ақмола және Солтүстік Қазақстан да күн күркіреп, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін», дейді. Ал, Маңғыстау облысында тұман түсіп, кей жерлерде найзағай күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы