429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Apple iPhone 12-ні қашан көрсететінін ресми түрде жариялады

  • 126
  • UPD: 10:10, 07.10.2020
Apple iPhone 12-ні қашан көрсететінін ресми түрде жариялады

Apple компаниясы жаңа өнімдердің кезектен тыс тұсаукесерін жариялады.

Олардың арасында iPhone 12 болады. Іс-шара туралы хабарлама Apple-дің сайтында пайда болды.

Тұсаукесер 13 қазанда өтеді. Басталуы Мәскеу уақытымен 20:00-де жоспарланған. Apple компаниясы қандай гаджеттерді көрсететінін атамаса да, қыркүйек айындағы оқиғадан кейін инсайдерлер осыкүнді атады. Жаңа iPhone-нің көрсетілімде болмағаны көптеген жандардың көңілін қалдырды. Өткен презентацияда тек жаңа Apple Watch және iPad планшеттері ұсынылды.

Іс-шарада 2020 жылы төрт модельге дейін кеңейтілетін жаңа iPhone-ды ғана емес, сонымен бірге AirTag іздеу белгісі, AirPods Studio құлаққаптары, Apple TV 2020 және ARM архитектурасында жасалған процессордағы алғашқы MacBook таныстырылуы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы