Адам ағзасындағы D дәруменінің жетіспеушілігі денсаулыққа кері әсер етеді.
Аталған дәруменнің жетіспеушілігін қалпына келтіру үшін рационға мынадай төрт тағамды қосу жеткілікті.
Ғалымдардың айтуынша, сүт пен йогурт D дәруменіне бай, сондай-ақ олардың құрамында ағза үшін маңызды ішек пробиотиктері бар. Егер бұл тағамдар үнемі тұтынылатын болса, онда D дәруменіне деген тәуліктік қажеттілік 10-20% төмендейді.
Дәруменнің жетіспеушілігін өтейтін тағамдардың ішінде тауық жұмыртқасы да бар. Сарапшылар D дәруменінің жұмыртқаның сарысында шоғырланғанын байқаған. Ол күнделікті қажеттіліктің шамамен 10% құрайды.
Саңырауқұлақтарды да рационға қосу маңызды. D дәрумені оларда адамдардағы сияқты күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Сондықтан оларды күн сәулесінде сақтаған жөн.
Майлы балықтар – скумбрия, албырт (лосось) және тунец – D дәруменіне мұқтаж адамдарға пайдалы. Бұл балықтардың 100 граммында витаминнің тәуліктік нормасының 100%-дан астамы бар.
D дәруменінің жетіспеуі COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады – ғалымдар