360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

450 млрд теңге несие агроөнеркәсіп саласын көтеруге жұмсалмақ

  • 510
  • UPD: 11:10, 19.09.2018

«Цеснабанктан» алынған 450 млрд теңге несие агроөнеркәсіп саласын көтеруге жұмсалмақ.

Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев «Деловой Казахстан» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, еліміздің ауылшаруашылық секторына валюталық несиелер едәуір салмақ түсіріп отыр. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық банк шаруаларға қолдау ретінде осы шараны қолға алған. Басты мақсат – қазіргі экономикалық жағдайда саланың қарқынды дамуына жағдай жасау. Ол үшін агроөнеркәсіп кешендерінің қарыздарын азайтып, жұмыстарын жеңілдету маңызды, - дейді Ақышев. «Агробизнес-2020» және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы – «Цеснабанк» АҚ . Саланы несиелендірудің 65%-ы да осы банкке тиесілі. Осы орайда банк «ҚазАгро» холдингімен бірігіп, валюталық несиелерді қайта қаржыландырып, мерзімдерін ұзарту мәселесімен айналыса бастады.

Туристер қатары 22%-ға артты

2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өсім көрсеткішіндегі туризмнің үлесі 8%-ға артады. Әзірге бұл көрсеткіш 1%-ға жетер-жетпестей. Саланы дамыту үшін 1,5 трлн теңге бөлінбек. Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиевтың айтуынша, туристер қатары артып келеді.

Көрсеткішті еселеу мақсатында жаңа мемлекеттік бағдарлама қолға алынбақ. Ол бойынша 10 туристік бағыт дамытылады деп көзделген.

 

Еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына шикізат тапшылығы кедергі

Бұл туралы Kursiv.kz сайтының тілшісіне жеңіл өнеркәсіп ұйымдары қауымдастығының президенті Любовь Худова хабарлаған. Бүгінде терімен айналысатын зауыттар жабылудың сәл алдында тұр екен. Себебі олар қазір жалпы қуаттылығының 30%-ын ғана жұмсап отыр. Ал дайын өнімді қымбат бағаға сату арқылы тығырықтан шығуға мәжбүр. Бұған елімізде өңделмеген терілердің заңсыз жолмен келуі себеп. Қауымдастық президентінің айтуынша, олқылыққа жол бермеудің амалдары жасалған. Тек түбегейлі шешім табылған жоқ. Себебі бүгінде ірі қара терісін экспорттау үрдісі артып келеді. Өңделмеген терілер Еуропа, Қытай және Азия елдерінде сұранысқа ие.

 

Роботтар адамға бәсеке ме?

Мамандар 2022 жылы 75 млн жұмыс орны жойылады деп болжады. Бұған адамның күшін құлтемірлер алмастыруы себеп. Әзірге жұмыс сағатының 29%-ы, ал 2025 жылы 52%-ы роботтарға тиесілі болады. Мұндай болжамға әлемнің 20 еліндегі жұмыс берушілермен жасалған сауалнама нәтижесі себеп болған. The Future of Jobs 2018 зерттеуіне 313 компаниядан 15 млн адам қатысыпты. Нәтиже айтарлықтай. 2022 жылы сандық трансформация салдарынан 75 млн жұмыс орны жойылады деген болжам жасалды.

Ақылды темір адамға 100% бәсеке бола алмасы анық. Себебі жойылған мамандықтардың орнын 133 млн жаңа жұмыс түрлері басатын болады. Демек, адамға жалқаулыққа бой алдырмай, іздене беру керек. Жаңа технологияны игеріп қоймай, оны үйрете білуі де ләзім.

Хабар 24 телеарнасы