379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономикадағы ұлттық компаниялар үлесі артты

  • 431
  • UPD: 11:08, 18.03.2019

2018 жылы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының табысы 8 процентке өскен. Осылайша, акционерлік қоғам Сингапурлік және Австралиялық халықаралық ұлттық қорлардың өсу қарқынымен теңескен.

Ондағы табыс көлемі де оң нәтиже берген. Нақтырақ айтсақ, негізгі қызметтен түскен табыс 2017 жылмен салыстырғанда 35% артып, 8,5 трлн теңгені құраған. Ал таза кіріс 83 процентке ұлғайып, 1,1 трлн теңгеден асқан. «Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қоры былтыр Республика бюджетіне 1 трлн теңгеден астам салық төлеген. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының» үлесі 5 процент шамасында ұлғайған,  ал «Қазақстан Темір жолының» ел экономикасындағы үлесі 1,11 процентке жеткен.

Әлем елдеріндегі интернет бағасының рейтингі жарияланды. Интернеті ең арзан 20 елдің жартысы Азияда орналасқан екен. Оның ішінде Қырғыз Республикасы екінші, ал Қазақстан үшінші орында. Жалпы мобильді желінің 1 гигабайті 1 доллардан кем тұратын елдер тізімде Үндістан бірінші орында. Зерттеу бойынша ондағы мобильді интернет бағасы ең арзан 1 гигабайты 0,26 доллар. Сонымен қатар Шри-Ланка, Моңғолия, Мьянма және Бангладеш елдерінде де интернет бағасы 1 долларға жетпейді. Ал АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Жапония сынды технологиясы мен экономикасы жақсы дамыған мемлекеттерде мобильді интернет бағасы қымбат. 230 елдің ішінде ең қымбат интернет  Африка материгіндегі Зимбабведе. 1 гигабиттің бағасы 75 доллар шамасында.

Ford компаниясы 5000 адамды жұмыстан шығармақшы. Әсіресе Ұлыбритания, Германия және Франция елдеріндегі өндіріс орындарында қысқарту жүргізу жоспарланған. Қазір компаниясының Германиядағы кәсіпорнында 24 мың адам жұмыс істейді. Компания өкілдеірінің Еуропа елдердегі кәсіпорын қызметкерлерін жұмыстан босату шығындарды қысқарту бағдарламасы аясында жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы