376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай шетелдік компьютер құрал-жабдықтарынан бас тартпақ

  • 287
  • UPD: 10:48, 10.12.2019
Қытай шетелдік компьютер құрал-жабдықтарынан бас тартпақ

Қытай билігі алдағы 3 жылда шетелдік компьютерлік құрал-жабдықтардан және бағдарламалық қамтамасыз етуден толық бас тартуды жоспарлауда.

Аспанасты елінің осы қадамы отандық өнеркәсібін дамытуға және шетелдік технологияларға деген тәуелділіктен арылуға бағытталған. Осылайша, келер жылы Қытайда технологиялардың 30 проценті отандық өніміне ауыстырылады. Ал 2021 жылы 50 процентке, 2022 жылы тағы қосымша 20 процентке. Бірінші кезекте банктер, әскери және үкіметтік мекемелер қамтылады. Алайда шетелдік сарапшылар қытайлық компаниялардың бағдарламалары америкалық технологияларға әзірше толық балама бола алмайды деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы