417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 26 жарым мыңға жуық ипотека қарызы қайта қаржыландырылды

  • 908
  • UPD: 14:24, 13.12.2019

Биылғы 11 айда 26 мың 500-дей адамның ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды. Оның жалпы сомасы 157 миллиард теңге. Ал жалпы банктерге қайта қаржыландыру туралы 33 мың 600-ден астам өтініш түскен. Оның 27 мың 700 дейі мақұлданды. Бұл 2004-2009 жылдары аралығында ипотекалық қарыз алған азаматтарды қолдауға бағытталған. Жалпы қайта қаржыландыру бағдарламасы екі блоктан тұрады. Екіншісі тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Бұл бағыт бойынша  9 378 өтінім берілген, қайта қаржыландыруға 8 мың  840 қарыз мақұлданды. 63,6 млрд теңге сомасына 7 мың 369 азаматтың қарызы қайта қаржыландырылды.

Биылғы 10 айда еліміздің ауыл шаруашылығы саласына 379 жарым миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 процентке жоғары. Осылайша ауыл шаруашылығына тартылған қаржы ел экономикасына құйылған инвестицияның 3,9 процентін құрады. Министрлер кабинеті 2024-ші жылға дейін республиканы азық түлік импортына тәуелділіктен алып шықпақ. Осы мақсатта 4,4 триллион теңгеге 113 жобаны әзірлеп жатыр. Жалпы 2013-2018 жылдар аралығында Агр өнеркәсіп кешені жыл сайын 3,3 проценттік өсім көрсетіп келеді. Саланы дамытуға мемлекет үлкен мән береді. Осы бағытта 2017-2021 жылдарға арналған агро өнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. 

Жыл басынан бері елімізде ағаштан жасалатын есік терезе өндірісі 80 процентке артты. Ал пластиктен жасалатындары небәрі 7 проценттік өсім көрсеткен. Бұл ел тұрғындарының экологиялық таза тауарға бет бұра бастағанын байқатады. Енді есіктер қайда жасалады дегенге келсек. Ұсталықты кәсіп еткен өңірдің көш басын Алматы облысы бастап тұр. Қазақстанда өндірілген есік терезенің 90 проценті осы өңірде жасалған. Одан кейін Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары. Есік-терезе ең аз өндірілетін өңір ретінде Маңғыстау мен Қостанай облыстарын атауға болады. Айта кетейік, бұл сектор соңғы төрт жылдан бері біріңғай өсім көрсетіп келеді. 

2025 жылға қарай еліміздегі тас жолдың 95 проценті жоғары сапалы болады. Мұндай жоспарды еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қойып отыр. Осы мақсатта бірнеше ауқымды жоба қолға алынды. Оларға қажетті қаржы   республикалық бюджеттен және инвесторлар есебінен алынады. Сондай-ақ жол құрылысымен айналысатын компаниялар мен жол сапасына талап күшейеді. Ел аумағындағы ең қиын жолдарды анықтау үшін келер жылы барлық жол цирлық жүйеге енгізіледі. Сол бойынша автожолдар сапасының рейтінгі жасалмақ.

Айта кетейік, биыл елімізде 4 мың 400 шақырым жол жөнделді. Осы мақсатқа 500 миллиард теңге жұмсалған. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда Маңғыстау, Павлодар, Алматы мен Шығыс қазақстан облысының жолдаы ең жақсы болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы