386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Almaty Invest форумында киноиндустрия тақырыбына басымдық берілмек

  • 462
  • UPD: 08:16, 04.10.2017

Биылғы Almaty Invest форумы киноиндустрия тақырыбына басымдық береді.

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов мәлімдеді. Оның айтуынша, форумға жиналғандар бұнымен қатар тағы 3 бағытқа назар аударады: тамақ өндірісі, білім беру және логистика. Мамандардың сөзіне сенсек, бұл салалар дәл қазір қаржы құюға қолайлы. Жалпы бұл жиын бізде дәстүрге айналған. Әлемнің беделді кәсіпкерлері, саясаткерлер, инвестициялық корпорациялар мен қаржы институттарының жетекшілері жылда Алматыда қауышады. Көпшілікке инвесторлық жобаларды таныстырады. Осыған дейін өткен форумның нәтижесінде 5 жоба жүзеге асып, 1 мың 230 жұмыс орны құрылды.

Мақсат Қиқымов, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:

– Биылғы форумның ерекшелігі киноиндустрия тақырыбы бойынша пікіртірталас болмақ. Халықаралық дәрежедегі продюсерлер, режиссерлер және кино мамандары Алматының әлеуетін сөз етеді. Бұл тақырыпты бекер таңдаған жоқпыз. Себебі ірі жобаларды түсіру үшін жерді жалға беру қала экономикасына пайда әкеледі.

Хабар 24 телеарнасы