389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 300-ден астам тауар өндіруші мен тасымалдаушы бас қосты

  • 511
  • UPD: 08:18, 30.11.2017

Үш жүзден аса тауар өндіруші мен тасымалдаушы Алматыда бас қосты.

Халықаралық «Үлкен сауда-саттық» форумында көрші елдер арасындағы сауда мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қазақстандық өндірушілер мен ресейлік саудагерлер өзара тауар алмасу жөнінде меморандумға қол қойды.

Жоспар бойынша еліміздегі бөлшек сауда көлемі биыл 8 трлн теңгеге жетпек. Сауда-саттық форумы Алматыда жыл сайын өтіп тұрады. Жиынның мақсаты – өнімді тиімді саудалауға көмектесу. Отандық өндірушілер тауарларын тек дүкендерге ғана өткізіп қоймай, бөлшек саудаға шығарып сату арқылы да табыс тауып отыр. Мәселен, биылғы 9 айда 2 млрд доллардан астам тамақ өнімдері экспортталған.

Дмитрий Востриков, «Руспродсоюз» өкілі:

- Мысалы Қазақстанның жылқы еті мен қазысына және тағы басқа да табиғи өнімдеріне Ресейде сұраныс жоғары. Сонымен қатар жоғары сапалы бидай да көптеп экспорттала бастады. Көкөністерге де сұраныс бар.

Хабар 24 телеарнасы