365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының 700-ден аса тұрғыны биыл өз кәсібін аша алады

  • 174
Ақмола облысының 700-ден аса тұрғыны биыл өз кәсібін аша алады

Ақмола облысының 700-ден аса тұрғыны биыл жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін аша алады.

Бұл жөнінде бес әлеуметтік бастаманы іске асыруды бақылау бойынша Қоғамдық кеңес төрағасы, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенованың өңірге жұмыс сапарында белгілі болды. Олар бірнеше елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысып, «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші бағыттың қалай жүзеге асып жатқанын көзбен көрді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруасын дөңгелетіп отырғандармен жолықты. Көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Бүгінге дейін Ақмола облысында 270-ке жуық адам жеңілдетіген несие алып үлгерген. Оның жалпы құны – 954 миллион теңге. Соның арқасында 330 жаңа жұмыс орны ашылған.

Осы категория бойынша: « Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді Биылғы жарты жылда Қазақстан Әзербайжанға 93 жарым млн доллардың өнімін экспорттаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы