378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылуы мүмкін

  • 91
  • UPD: 15:33, 14.05.2019

Елде қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі жаңа агенттік құрылуы мүмкін.

Бұл туралы Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің отырысында Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады. Оның айтуынша, депутаттар қарауына ұсынылған заң жобасындағы өзгертулер мен толықтырулар елдің экономикалық өсімін тұрақтандырады. Сондай-ақ жаңа мекеме қаржы саласындағы дербес бақылауды күшейтіп, салымшылар мен несие алушылардың құқықтарын қорғауға және қысқамерзімді несиелер санын арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде 6 миллион 200 мың азаматтың атына тұтынушылық несие рәсімделген. Әр борышкердің орта қарызы шамамен 800 мың теңгеге жуықтайды.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Жаңа агенттіктің басқару жүйесін Үкімет анықтаса, ал тәртібі мен шарттарын Ұлттық банк басқармасы белгілейді. Жаңа орган басқармасының төрағасы мен орынбасарын ел Президенті 6 жылға тағайындайды. Ондағы мамандардың қызметтік-құқықтық мәртебесі де Ұлттық банк қызметкерлерімен тең болмақ.

Хабар 24 телеарнасы