384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының еліміздің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 20% асқан

  • 265
  • UPD: 14:47, 15.11.2019

Алматыда қаржыгерлер конференциясы өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Қаржыгерлер конференциясы одан әрі жалғасуда. Жиында сөз алған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаржы секторының қала экономикасындағы рөлін атап өтті. Атап айтқанда, қаржы секторының ықпалының арқасында Алматының еліміздің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 20 пайыздан асқан. Конференцияда Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смаилов, Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық қаржы орталығының шетел инвесторлары үшін ірі хабқа айналғанын атап айтты. Бүгінде орталыққа 262 отандық және халықаралық компаниялар тіркелген. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар, нарықтағы басқа ойыншыларға орын беру үшін тиімсіз кәсіпорындарды банкрот деп тану механизмдерін жетілдіруді ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы